| - | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мәлімдеме Қостанай облысы Солтүстік Қазақстанда орналасқан, 1936 жылы құрылған. Облыс Қазақстан Республикасының төрт (Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан) және Ресей Федерациясының үш (Орынбор, Челябі, Қорған) облыстарымен шектеседі. Облыс орталығы – Қостанай қаласы, 1879 жылы салынған, Тобыл өзенінің жағасында орналасқан. Халқы . Облыс аумағында жүзден аса ұлт пен халықтар тұрады. 2008 жылдың 1 қаң тарындағы мәлімет бойынша облыс халқының саны 894,2 мың адамды құрады, оның ішінде: 34,9 % – қазақтар, 41,2 % - орыстар, 11,9 % -украиндер, 3,8 % - немістер, 8,2 % - басқа ұлт өкілдері. Халықтың тығыздығы – бір шаршы км 4,6 адамнан келеді. Ең тығыз орналасқан қалалар Қостанай, Рудный және Лисаков, ең аз – облыстың оң түстік аудандары, бір шаршы км 0,5-тен 0,8-ге дейін адамды құрайды. Рельеф. Облыс аумағы жазық жер рельефімен сипатталады. Солтүстік бөлігі Батыс-Сібір ойпат жерінің оң түстік-шығыс шетін алып жатыр, одан оң түстігіне қарай Торғай платосы орналасқан; облыстың батысында – Орал платосының толқынды жазық жері, ал оң түстік-батыста жазиралы Сарыарқа жері. Климаты өткір континенталды және өте құрғақ. Қыс ұзақ, аязды, қатты желімен және боранымен, жазы ыстық, құрғақ. Облыстың солтүстігінде жылдық жауын-шашынның мөлшері 250-300 мм және оң түстікте 240-280 мм. Вегетациялық мерзім солтүстікте 150-175 тәулік және оң түстікте 180 тәулік. Облыстың ж ер қойнауы пайдалы қазба байлықтарға бай: магнетиттік және солиттік темір рудалары, бокситтер, сұр көмір, асбест, отқа төзімді және кірпіш құмдары, флюстік және цементтік әк тастар, шыны құмы, құрылыс тастары және т.б. Магнетиттік рудалар және сұр темірлердің жалпы қоры 15,7 млрд. тоннаны құрайды. Пайдалы қазбалар және минералдық шикізаттар табылған жерлердің 400-ге жуығы барланды, оның ішінде 68 – жер астындағы сулар, боксит табылған 19 орын ашылған, 7 – алтын, бір-бірден – никель және күміс. Су ресурстары. Өзен жүйесі тапшы. Облыс шегінде 310 шақты ұсақ өзендер саналады. Ең ірі– Тобыл және Торғай өзендері болып саналады. Тобыл өзенінде Жоғарғытобыл, Қаратомар және Амангелді су қоймалары орналасқан. Облыста 5 мың нан астам көлдер бар. Олардың ішіндегі ең ірі көлдері Торғай қойнауында орналасқан – Құсмұрын, Те ң із, Қойбағар, Ақкөл, Сарыкөл, Алакөл және басқалар . Облыстың топырағы қызғылт және қара топырақпен, ауыр механикалық құраммен ерекшеленетін, тұздалуымен және тың жерлерді игеруге байланысты жоғары сортаң дануымен барлық алқап жыртылып тасталған. Қостанай облысының жалпы жер көлемі 19600 мың га. құрайды. Ауыл шаруашылығына қажетті жердің көлемі 18127,6 мың . га, оның ішінде 5659,3 мың га немесе ауыл шаруашылығына қажетті жердің 31,2 % егістік, 12 072,2 мың . га (6 6,6 %) – жайылым жер. Өсімдік. Облыстың солтүстік бөлігінде қызылселеу-түрлі шөп өсімдігімен қара топырақ, қайың -үйең кі ағаштарымен және қарағай ормандарымен (Арақарағай, Аманқарағай); орталық бөлімде – қызғылт топырақты әртүрлі-қызылселеу өсімдікпен, қарағай орманы Науырзым қарағайда, оның негізінде аттас қорық құрылған, оң түстік бөлігінде ақшыл-қызғылт топырақ және сұртопырақтас типчак-селеу және жусан өсімдігі басымырақ. Коммуникациялар. Облыстан халықаралық «Екатеринбург-Алматы» автомобиль трассасы өтеді. Темір жолдарының пайдалану ұзындығы 1452,3 км-ді, автомобиль жолдары – 9514,3 км-ге, газ құбырлары – 2491,4 км-ге, жылу трассалары – 778,8 км-ге, су құбырлары – 5937,1 км-ге, оның ішінде топтық құбырлар – 4802,7 км-ді құрайды. 2004 жылы «Алтынсарин-Хромтау» темір жолы пайдалануға енгізілді, ол облысқа республиканың батыс өң ірлеріне шығуға, республиканың Орталық және Солтүстік өң ірлерінен жүктердің өтуін қысқартуға, Ақтау порты бойынша жүктердің экспорттық тасымалдауының ұзындығын азайтуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік сала. 2008 жылдың 1 қаң тарына облыста 644 жалпы білім беретін мектеп, 91 мектеп алды балалар мекемесі, 28 арнайы орта білім беретін мекеме, 9 жоғары оқу орны, 48 аурухана, 8 емхана, 143 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 408 мед пункті, 3 театр, 10 мұражай, 393 кітапхана, 278 Мәдениет үйі мен клуб, 2 Спорт сарайы, 39 спорт кешені, 29 стадион бар. Облыста 20 ұлттық-мәдени орталығы және қауым, 10 саяси партия, 144 діни бірлестігі бар, оның 97-христиандық, 45-мусылмандық, 2-басқалар. Әкімшілік-аумақтық бөлу. Облыс құрамына 4 қала, 16 аудан, 8 кент (3 қалалық және 5 ауылдық), 255 ауылдық және селолық округі кіреді, оның ішінде аудандар бойынша:
|








